Бүгін 05080000 – Тамақтандыруды ұйымдастыру бөлімінің о/ө шеберлері Альменова Ф.Ж., Ахмулаева Г.Қ., Малдыбаева Э.Р., Мұсабаева Ә.Ч., Нүсіпова А.А. Тәуелсіздік күніне орай «Қазақ ұлттық тағамдарын жаңғырту» тақырыбы бойынша қазақ ұлттық тағамдарды дайындап, ұсынуда өз шеберліктерін көрсетті.

Шеберлік сағатқа қонақтар ретінде ҚР Жазушылар Одағының мүшелері, «Құрмет» орденінің кавалерлері Әбубәкір Қайран және Нұрлан Ками, Сертификаттау орталығының директоры Ахиярова З.Т., колледж директоры Яковлева Н.Н., қазақ тілі пәнінің оқытушысы Аукашева К.С. және 1 курс студенттері қатысты. Оқу өндірісінің шеберлері  тағамдарды дайындап қана қоймай, ұлттық тағамдардың дайындалу технологиясына жаңалықтар енгізіп, заманауи талапқа сәйкес ұсына білді. Шеберлер тағамның дайындалу технологиясымен таныстырып қана қойған жоқ, сонымен қатар әр тағамның шығу тарихын да баяндай кетті. Мәселен, «Жаубүйрек» тағамын анасы баласын алыс сапарға шығарып салғанда дайындайды. Бауыр малдың ішкі майына оралады. Бала алыс жолға шыққанда, бұл асты бірге алып жүреді. Ас бұзылмай, ұзақ уақыт сақталады.

Шеберлік сағаттың басты мақсаты – ұмыт болған ұлттық тағамдарды әзірлеудің әдіс-тәсілдерін жаңғыртып, халыққа паш ету. Деген­мен, болашақта ұлттық тағамымызды өз елімізде ғана емес, шетелге шипа­сы­мен, дәмді­лігімен, пайда­лы­­лығы­мен таңқалдырғанға не жетсін, шіркін!

Оқу өндірісінің шеберлері қызу жұмыс үстінде
Он саусағынан өнер тамған кондитерлік бұйымдардың шебері Малдыбаева Э.Р. өз кезегінде қазақ десерттерінің ішіндегі төресі – шоколадпен глазурьленген жент ұсынды.

Мұсабаева Ә.Ч. дайындаған қартадағы еттер тағамы
қонақтарды тіпті таң қалдырды.

О/ө шебері Нусупова А. А. «Әсіп» тағамын дайындады

Альменова Ф.Ж. «Жаубүйрек» тағамын жаңаша ұсынды.
О/ө шебері Ахмулаева Г.Қ. бауырсақтың ішіне бауырдан дайындалған
котлета салынған «Қазақ гамбургерін» жасады
Шебер сағаты ойдағыдай өтті. Келген қонақтар шеберлеріміздің өнеріне
тәнті болып қайтты.