Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық. Қазір заман талабына сай аспаздық өнер жоғары бағалануда.

Колледжде  Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша  «Аспазшы» және «Кондитер безендіруші»  біліктіліктері бойынша 2 жыл 10 ай көлемінде күндізгі бөлімде оқытылады.

 

Аспазшы — ас әзірлеумен айналысатын мамандық иесі.

Сорпа, екінші тағам, өзге де тағамдарды пісіреді. Азық-түліктерді қалай сақтау керек екенін біледі, әртүрлі тамақ түрлерін рецепт бойынша дайындайды, сондай-ақ дайын тағамды көркемдей алады. Азық-түлік өнімдерін санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес сақтауды басқарады. Ғимарат ішінде, жоғары температура жағдайында жұмыс жасайды.

Аспазшы мамандығы артықшылығының бірі өте сұранысты және тұрақты табысы табу мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар мансапқа жету мүмкіндігі бар, аспаздың көмекшісінен беделді орында жұмыс істейтін бас аспазшы болып өсуі мүмкін.

Кондитер — кондитерлік өнімдер, десерттерді және басқа да пісірілген тағамдарды дайындайтын кәсіби аспазшы. Бұл кәсіптің өкілдерін үлкен қонақ үйлерде, мейманханаларда және наубайханаларда көруге болады.

Кондитер алдын ала тағайындалған рецептура бойынша әр түрлі қамырлар, салындылар, кремдер дайындаумен, өнімдерді пісіру және безендірумен айналысады. Бұл жоғары сапалы, дәмі және иісі әр түрлі тамақ өнімдері. Жұмыстың көп бөлігі арнайы құралдардың көмегімен қолмен орындалады, кондитердің кәсібін өнерге айналдырады.

Біздің түлектер қаладағы үлкен мейрамхана, дәмханаларда, комбинаттарда, фабрикаларда еңбек етеді, абырой-беделге ие болып, жеке кәсібін де ашып, жұмысын жүргізіп жүр.