«Алматы сән және дизайн колледжі» 1947 жылдан келе жатқан №3 лицей. 2022 жылы колледжіміздің 75 жылдығы болды. Колледждің осы уақыт аралығында Алматы қаласының және одан тыс жерлердегі әртүрлі кәсіпорындарға 22500-ден астам түлек шығарылды. Колледж тігін өндірісі және қызмет көрсету саласы кәсіпорындары үшін мамандар даярлайды.
Колледж миссиясы:
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ қызмет көрсету саласы үшін орта буын еңбек нарығында жоғары білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлау.
Әлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияланған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру.
Колледждің басты көрсеткіші – материалдық-техникалық базаның мықты болуы. Оқу орнының материалдық базасы заманға лайық жаңартылып отырады. «Жас маман» жобасы осындай мүмкіндік берді. Біздің түлектер жұмыс орындарына соңғы үлгідегі техниканың сырын меңгеріп барады. Әр мамандық бойынша қаладағы іргелі кәсіпорындармен келісімшарт жасалған.