«Алматы сән және дизайн колледжі» КМҚК кәсіп таңдауда «Шаштараз» мамандығына тоқталуды ұсынады. Кәсіби шаштараз болу үшін тек шығармашылық және фантазиялық жұмыстарды атқару аз, сонымен қатар заманауи сән тенденцияларынан хабардар болу керек. Үнемі өзгеріске, өзіңді шыңдауға ұмтылу керек.
Шаштараз өнері кеше пайда болған дүние емес. Ол өзінің тарихын тереңнен алады. Шаштараз өнері пайда болған кезден бастап осы күнге дейін түрлі өзгерістерге ұшырап келеді. Ол қазіргі уақытта стиль мен сән әлемінде, әр адам өмірінде маңызды орын алады.
Шаштараз – еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Әлемде ешбір адам шаштараз қызметінсіз өмірін өткізбесе керек.
Шаштараз – тек қана шаш үлгісін, шаш қиюды, бояндыруды, химиялық бұйралау әдістерін, маникюр жасап қана қоймайды, ол адамдарға қуаныш сыйлайды, олардың сырт келбетін өзгертеді, жақсы көңіл-күй сыйлап, өз жұмысынан ләззат алады.
Колледжде Шаштараз өнері мамандығы бойынша «Шаштараз стилисті» біліктілігі 2 жыл 10 ай көлемінде, «Суретші-модельер» біліктілігі 3 жыл 10 ай көлемінде күндізгі бөлімде оқытылады.
Оқу процессі колледждің заманауи құрал-жабдықтарымен, техникалармен жабдықталған оқу салондарында өтеді. Колледж түлектері шаштараздарға, Алматы қаласы Сұлулық индустриясы ассоциациясы жанындағы сұлулық салондарына жұмысқа орналастырылады. Осылайша колледж түлектерін жұмыспен қамту нәтижесі 100% көрсетеді.
Осы мамандықты таңдай отырып сіз ертеңгі күнге сенімді бола аласыз. Еңбек нарығында моральді, материалды тұрғыдан қарағанда еркін кәсіп иесі боласыз. Шаштараз мамандығын таңдағандарға бір орында қозғалмай тұруға уақыт жоқ, олар тек үлкен белестерді бағындыруға қызмет етеді.