Бүгін 05080000 – Тамақтандыруды ұйымдастыру бөлімінің о/ө шеберлері Альменова Ф.Ж., Ахмулаева Г.Қ., Малдыбаева Э.Р., Мұсабаева Ә.Ч., Нүсіпова А.А. Тәуелсіздік күніне орай «Қазақ ұлттық тағамдарын жаңғырту» тақырыбы бойынша қазақ ұлттық тағамдарды дайындап, ұсынуда өз шеберліктерін көрсетті.
Шеберлік сағатқа қонақтар ретінде ҚР Жазушылар Одағының мүшелері, «Құрмет» орденінің кавалерлері Әбубәкір Қайран және Нұрлан Ками, Сертификаттау орталығының директоры Ахиярова З.Т., колледж директоры Яковлева Н.Н., қазақ тілі пәнінің оқытушысы Аукашева К.С. және 1 курс студенттері қатысты. Оқу өндірісінің шеберлері тағамдарды дайындап қана қоймай, ұлттық тағамдардың дайындалу технологиясына жаңалықтар енгізіп, заманауи талапқа сәйкес ұсына білді. Шеберлер тағамның дайындалу технологиясымен таныстырып қана қойған жоқ, сонымен қатар әр тағамның шығу тарихын да баяндай кетті. Мәселен, «Жаубүйрек» тағамын анасы баласын алыс сапарға шығарып салғанда дайындайды. Бауыр малдың ішкі майына оралады. Бала алыс жолға шыққанда, бұл асты бірге алып жүреді. Ас бұзылмай, ұзақ уақыт сақталады.
Шеберлік сағаттың басты мақсаты – ұмыт болған ұлттық тағамдарды әзірлеудің әдіс-тәсілдерін жаңғыртып, халыққа паш ету. Дегенмен, болашақта ұлттық тағамымызды өз елімізде ғана емес, шетелге шипасымен, дәмділігімен, пайдалылығымен таңқалдырғанға не жетсін, шіркін!