Мамандық таңдай білу – қазіргі уақытта ең өзекті мәселелердің бірі. Мамандықты беделіне, үлкен табыс көзіне қарай немесе жаныңа жақын болғаны үшін таңдауға болады. Бірақ бастысы оның қоғамда үлкен сұранысқа ие болуы. Әр адам өмірін мәнді де сәнді өткізу үшін, сүйікті ісімен айналысу үшін мамандық таңдауда жан-жақты ізденеді.

«Алматы сән және дизайн колледжі» КМҚК кәсіп таңдауда «Тігін өндірісінің» мамандықтарына назар аударуға ұсынады.

Колледжде  Тігін өндірісі мамандығы бойынша  «Киім конструкторы»,   «Модельер – пішуші» біліктіліктері бойынша 2 жыл 10 ай көлемінде, «Модельер-конструктор» біліктілігі 3 жыл 10 ай көлемінде күндізгі бөлімде оқытылады.

Киім Дизайны мамандығы бойынша  «Киім және аксессуарлар декораторы» біліктілігі бойынша 2 жыл 10 ай көлемінде оқытылады.

Оқу процессі колледждің заманауи құрал-жабдықтарымен, техникалармен жабдықталған оқу цехтарында өтеді. Колледж түлектері цехтарға, өндірістік орындарға жұмысқа орналастырылады. Осылайша колледж түлектерін жұмыспен қамту нәтижесі 100% көрсетеді.

Осы мамандықты таңдай отырып сіз ертеңгі күнге сенімді бола аласыз. Еңбек нарығында моральді, материалды тұрғыдан қарағанда еркін кәсіп иесі боласыз.