Алматы сән және дизайн колледжінде аспаздар декадасына байланысты «Қазақ ұлттық тағамдарын жаңашаландыру» атты сабақтын тыс ғылыми жоба іс-шарасы өтілді. Бұл жобаның мақсаты – ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын сақтай келе тәтті тағамдардың жасалу технологиясын өзгерте отырып түрлендіру, жас ұрпақты жаңашылдыққа, әдемілікке, ұлттық мәдениетке және жаңа заман талабына сай тәрбиелеу.

Осы іс-шараны ұйымдастырған ғылыми жоба жетекшілері арнайы пән оқытушысы Кокимбекова Г.Д. мен о/ө шеберлері Есифидис А.В., Малдыбекова Э.Р., Нусупова А.А., 18-5 тобының студенттері Айдархан И.О., Болатхан Н., Рамазанова Ж., Сугуралиев К., Даулетхан Д., 19-2 тобының студенттері Абдреш А., Оналбай Ж., Орынбасаров Н., Орынбек А., 19-3 Айдархан И.О., Болатхан Н., Рамазанова Ж., Сугуралиев К., Даулетхан Д., 19-2 Абдреш А., Оналбай Ж., Орынбасаров Н., Орынбек А., 19-3 Алимова Д., Анкудинова А., Белалова К. Алимова Д., Анкудинова А., Белалова К.өздерінің жасаған тағамдарын көрермендер алдына ұсынды. Сонымен қатар осы ғылыми жобаға қонақтар ретінде өндірістік кәсіпорындардан ҚР рестораторлар клубының негізін қалаушысы Юсупова З.М., кейтеринг компаниясының директоры А.А.Малютин, «Бауырсақ» фаст-фуд желісінің директоры Төребек А.С. шақырылды. Ғылыми жобада мынадай қазақ ұлттық тағамдары көрсетілді: «Қазыдан домбыра», «Асқабақтағы қуырдақ», «Қазақша салат», «Қазыдан салат», «Фаршталған қарта», «Чак-чактан Тайқазан», глаузрьленген жент «Шоколадтағы жент». Ғылыми жобада тек тағамдар ғана емес, сонымен қатар әр тағамға жасалған әдістемелік әзірлемелері де ұсынылды. Аталған іс-шараға қатысушылар студенттер мен АСжДК-нің оқытушылары ұсынылған материалдармен танысып, демонстрацияланған тағамдардан дәм татты. Осы ретте Юсупова З.М. дайындалған тағамдардың ұсынылуын, сыртқы түрін, тағамдық құндылығын сипаттай келе ұмыт болып бара жатқан қазақ ұлттық тағамдарын тамақтандыру кәсіпорындарының мәзіріне енгізу жөнінде ұсыныс жасады.