Көргені, білгені, түйгені, өмір тәжірибесі көп шежіре көкірек қариялар арамызда жүр. Солардың бірі бүкіл саналы ғұмырын ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруге жұмсап, 35 жыл математика пәнінен сабақ берген Алматы қаласының тұрғыны , Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыныптасы – Раиса Ғарифқызы Саразетдиновна.
Раиса Ғарифқызын біздің педагогикалық ұжым түгел таниды. Өйткені осы аласа бойлы, жинақы, келісті, әдемі, ақжарқын ұстаз әріптесімізбен жыл сайын 1 желтоқсан- Қазақстанның Тұңғыш Президенті мерекесі қарсаңында 5 жыл қатарынан жүздесіп жүрміз.
Раиса Ғарифқызы биыл жалғыз келмей мектептесі, сыныптасы Кеңес Бекдайырұлы Байбосыновпен бірге келді. Мәжіліс залындағы лық толы аудитория алдында қос қария өздерінің даңқты сыныптастары Нұрсұлтан Әбішұлы туралы жарқын, мағыналы, мазмұнды да тартымды әңгіме-естеліктердің тиегін ағытып берді. 1 сағаттық жүздесу қас қағымда өте шыққандай, көңілге шуақ орнатқандай соншалық тартымды, нұрлы әрі тарихи естеліктер.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі ел еңсесін енді тіктей бастаған кезбен тұспа-тұс келген балалық шақ…
Шамалған ауылындағы алтын ұя мектеп….Екі қария да осы ауылды, парталастары Нұрсұлтан Әбішұлын соншалық ыстық ықыласпен, махаббатпен еске алысты. Бірге оқыған кездерінде байқамай, солай болуға тиісті деп қабылдаған, ал қазіргі уақытта өткенге көз жібергенде бала Нұрсұлтанның сол кезден ақ дараланып тұрған көсбасшылық қасиеттерін жарыса еске алысты.
Осыдан екі жыл бұрын Раиса Ғарифқызы «Бір сәттік жүздесуде мен ұлы сыныптасымнын азаматтық қалыптасу жылдарындағы жарқын тұлғасын таныта алмаймын сол себептен мына естелік кітапты («Президент сыныптастары») қолға алып жазып шықтым. Кітапханаларыңнан алып оқып жүріңдер. Кітапханаларынңа тарту етемін» деген еді 2 жыл бұрын.
2 жыл бұрын көненің көзі асылдың сынығындай болып арамызда жүрген Нұрсұлтан Әбішұлын қатты ардақтайтын екі ұстазымыз тірі еді. Бүгін олар өмірден өткен. 46 түлек 2 сыныптан қатар бітіріп едік. Қазір көзі тіріміз-24. Өмірдің заңы ғой деді Раиса Ғарифқызы Нұрсұлтан Әбішұлымен жиі жүздесесіздер ме? -еген сауалға сыныптастары:
Әр наурыз сайын міндетті түрде, қалған уақытта Алланың бұйрығымен-деп жауап берді.
Кеңес ағамыз да ақжарқын, қажырлы, қайратты, сергек, ұшқыр ойлы адам екен. Студенттеріміз даярлаған Елбасының сүйікті әндерінен орындалған музыкалық тартуларға тебірене қосылып, естеліктерін айта отырып, ән айтты.
«Жас өркенім, жасыл бұтағым…»-деп кездесуде отырған студенттерге батасын берді.
Қос қарияға алғыс ретінде жүздесуді жүргізген студентіміз:
Сіздердің тағдыр біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық жастық шағымен ұштасқан тағдыр. Сіздер Елбасы өмірінің бір бөлшегісіздер.
Сіздердің естеліктеріңізден оған деген құрмет пен қастерлеуді естідік, сезіндік.
Сіздің ұрпақ, біз үшін – ата ұрпақ. Сіздер айтқан сөз біз үшін – өсиет. Біз Ата ұрпақ өсиетіне әрқашан адал боламыз.!- деген сөздерімен кездесуді аяқтады.
Қос қариямен естелік суреттерге түсіп, амандық-есендік тілеп қоштастық.
Аман-сау арамызда жүре беріңіздер, аяулы қариялар1 Сіздер де Тұңғыш Президентіміздің адамдық, азаматтық, қайраткерлік ұлы тұлғасын танытар бір- бір тұлғасыздар.