Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясы шеңберінде «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында бейне-дәрісі әзірленді.

Аталған бейне-дәрістер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны, әлеуметтік желілер арқылы халыққа парасаттылық, адалдық сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

Осыған орай, «Адалдық сағаты» акциясы шеңберінде дайындалған бейне-дәрістерді мектеп, колледж, балабақшалардың ресми Facebook, Instagram әлеуметтік парақшаларында жариялануына және оқушылар мен студенттердің назарында болуын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.

Бейне-дәрістің қаралымы жолданып отырған Агенттіктің Youtube арнасының сілтемелері арқылы саналатындықтан, оны жүктеп не кесіп алып жаңа сілтемелерді таратудың қажеттілігі жоқ екендігін хабарлаймыз.

Жарияланған бейнероликтің сілтемелер тізімін а.ж. 21 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін Департаментке  жолдауларыңызды сұраймыз.

Сілтеме:

1)https://www.youtube.com/watch?v=-Ro7dcnm75U&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=1