Коронавирус пандемиясына байланысты студенттерге қашықтықтан білім беру жүйесінің жалғасуына байланысты 2020-2021 оқу жылдарында Алматы сән және дизайн колледжінің ұстаздары өздерінің жұмысын тоқтата қойған жоқ. Олар бағдарлама бойынша білім берумен ғана шектеліп қойған жоқ, сонымен қатар оқыту үрдісінен тыс жүргізіліп жатқан қашықтан оқыту курстарына қатысып, білімдерін шыңдап, әрі әртүрлі ғылыми, шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып қана қоймай, әртүрлі мақалалар жазып жүр. Солардың бірі 0508000 – Тамақтандыруды ұйымдастыру бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Г.Д. Кокимбекова.
Қысқа уақыт мерзімінде ол 2020 жылғы 14-25 қыркүйек аралығында 72 сағ көлемінде «Арнайы пәндерді (модульдерді) CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS моделін қолдана отырып ағылшын тілінде оқыту», «Педагогтердің ІТ-құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру», «Қашықтықтан оқыту жағдайыннда студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру» тақырыптарында біліктілікті арттыру курсынан біліктілігін арттырып, infourok.ru сайтында Психология және кәсіби этика пәні бойынша «Психология личности» презентациясын, ал «Конспектека» порталына “Имиджиология”, «Өнім мен қызмет көрсету сәйкестігін растау» тақырыбында авторлық материалдарын жариялап, аталмыш сайттың эксперттерінен Алғыс хатқа ие болды, Сонымен бірге italant.kz Республикалық «Талапты, талантты жастар» интеллектуалды білім порталы жариялаған «Үздік ғылыми жұмыс» байқауында 19-2 тобының студенті Оңалбай Ж.жүлделі орынға ие болды.
Келешекте, білім беру сапасын арттыруда қашықтан оқытуда жеткен жетістіктеріміз жалғасып тауып, оң нәтижелерге қол жеткізе берсек нұр үстіне нұр болары анық.