2 қыркүйекте колледждің мәжіліс залында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талғат Мамырбекұлы Башевпен кездесу өтті.
Кездесуде сыбайлас жемқорлық ұғымдары, білім беру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Т. М. Башевтің сөз сөйлеуі кезінде студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, сұрақтар қойды.
Мемлекеттік қызметтің ішкі регламенттеріне, қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға қатысты қойылған сұрақтарға жауап ала алды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-мемлекет пен оның азаматтары үшін басым міндет. Біз, Қазақстан жастары еліміздің өркендеуі үшін сыбайлас жемқорлықпен күресуіміз керек.