Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай 4 мамыр 2019 жылы әскери-спорттық іс-шара өтеді.
Өткізілетін күні: 5 мамыр 2018 жыл.
Уақыты: 10.30.
Өтетін орны: «Динамо» алаңы.
Алаңды безендіру: гүлдер, нақыл сөздер, жалаулар, Қазақстан Республикасының рәміздері.
Мерекелік іс-шара алаңның орталық бөлігінде колледждің әскери жетекшісінің «Сап түзел», «Түзу тұр» колледж директорына рапорт беру және I,II бағам студенттерінің сап түзеліп тұруынан басталады. Әскери жетекшісінің бұйрығы арқылы алаңға Қазақстан Республикасының туы кіргізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, қонақтар көрермендер алаңдар орындарға жайғасады.
Жүргізушілер кезек-кезегімен құтттықтаулар айтып, бұл іс-шараның өту жолдарын, Қазақстан Республикасың жетістіктері, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 4 модернизация туралы қысқаша мәліметтер жасайды.
Құттықтау сөзі колледж директоры Яковлева Надежда Николаевна ханымға беріледі.
Жүршізушілер қонақтарды таныстырады:
- Алмалы ауданы әкімінің орынбасары – Бекжанова Айнур Серіковна
- Білім басқармасы басшысының орынбасары – Жылқыбаева Ләззат Ауесхановна
Жүргізушілер әр топ командирлерін таныстырады. Әділқазылар алқасы топтың әскери жүруін бағалайды. Әскери іс-шара 3 турдан тұрады:
- 1-кезеңде топтар сап түзеу
- 2-кезеңде ән
- 3-кезеңде дефиле
Әр топтың өзіне тән киім үлгілері , әндері және ұрандары бар.
Колледждің Алғашқы Әскери жетекшісі аға лейтенант Амирбек Шаймерденовичтің бұйрығымен колледждің 1,2 багам топтары әскери шеруге қатысады.
Көктем, күн, тау, жастар…….
Осы көрініс бұдан әрі спорттық жарысқа ұласты. Колледж студенттері, ата-аналар, ұжымының 100 метр қашықтыққа жүгіруі күнделікті көре бермейтін қызықты көрініс. Жанкүйерлердің командаларына деген ықыласы мен қолдауы сезіліп те, білініп те тұрды.
Ал ұлттық ойындар жарысында қатысушылар белсендігі арта түсті. Осымен спорттық ойыны жарысы аяқталып, командалар қайта сапқа жиналды.
Әскери-патриоттық, спорттық іс-шара жүргізушілердің қатысушылар мен қонақтарға деген ыстық лебізін, тілегін айтумен өз мәресіне жетті.