Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын насихаттау аясында Алматы қаласы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының психологтары сән және дизайн колледжінің студенттері үшін түсіндіру әңгімесін өткізді. Модераторлар жастар ресурстық орталығының мамандары – Әуелбек Айдана және Арнаева Жанар болды, олар жастарға арналған жаңа әлеуметтік бағдарламалар туралы айтты.