№ р/с

Іс- шараның атауы

Өткізілетін жері

Жауаптылар

1

Абай өлеңдерін жатқа айту  (наизусть)

Философиялық этюдттар қара сөздерді жатқа айту (слова назидания)

(ұлдар -орыс топтары)

Дуб

Аукашова Г.С.

Смаилова А.К.

Баймуратова А.К.

Калдарбекова А.К.

Фараджулаева Ф.А.

Есифидис А.В.

Жайлауова С.К.

Сулейменова А.Б.

Кельдыбаева А.М.

2

Абай ауылының аналары мен арулары: (полностью композиция)

Абай –Тоғжан  (Аукашова Г.С., Ризалиева Р.С.,18-3)

Абай –Ділдә (Калдарбекова А.К., Ризалиева Р.С., 18-3)

Абай –Айгерім (Смаилова А.К., (Милана) Ризалиева Р.С., 18-3)

Зере  (Аукашова Г.С.,  Ризалиева Р.С., 18-3)

Улжан (Баймуратова А.К.,  Ризалиева Р.С., 18-3)

Суреттер көрмесі

Акт залы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аукашова Г.С.

Смаилова А.К.

Калдарбекова А.К.

Баймуратова А.К.

Ризалиева Р.С.

Турсынгали А

Боданова К.

3

Жыршылар сайысы «Ескендір» поэмасы бойынша

Дуб

Аукашова Г.С.

4

Абай- Пушкин

Акт залы

Алексеенко Н.В.

 

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-танымдық, музыкалық, сахналық  кеш.

Орны: Алматы сән және дизайн колледжі

Күні: 05.11.2019 жыл

Уақыты: 13-00

Мақсаты: ұлы ақын өнегесін ұлықтау, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, көркемдік мәнерді меңгеру;

Білімділік: Абайтану

Дамытушылық: студенттердің Абай шығармаларымен жұмыс істеу арқылы өлеңге, әнге, өнерге деген әуестігін дамыту, мемлекеттік тілді меңгеруге ықпал жасау;

Тәрбиелік: Абай поэзиясы рухында тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Сахнаны безендіруге арналған қажетті құралдар, сахналық образдарды бейнелеуге арналған киімдер мен гримдік макияждар, көрініске қажетті жабдықтар, кітап көрмесі, эмблемалар  т.б.

Жауапты оқытушылар: Аукашова К.С, Смаилова А.Қ, Ризалиева Р.С, Амирова Б.Р., Баймуратова Ә.К.,Фараджулаева Ф.А, Садирова Г.Т

1-жүргізуші: Қайырлы күн! Абай поэзиясын ардақтаған, Абай рухымен сырласқан жас өрендер, қадірлі ұстаздар, іс-шара қонақтары! Сіздердің назарларыңызға «Адамзаттың Абайы» атты әдеби-танымдық, музыкалық, сахналық іс-шара.

2-жүргізуші: Уважаемые гости! Предлагаем Вашему вниманию литературно-музыкальный вечер «Адамзаттың Абайы», посвященный юбилею великого казахского поэта Абая Кунанбаева.

1-жүргізуші: Абай — многогранная личность. Он поэт, философ, композитор, просветитель, общественный деятель, основоположник казахской письменной литературы.

2-жүргізуші: Абай- ғасырлардың құрдасы. Абай өсиеті- мәңгілік. Дана Абай- дара Абай,  міне бүгінде ұрпағына өз өсиетімен мәңгіліктен тіл қатып, Мәңгілік Елінің рухын тербеп, ұрпағының жанын түлетіп тұр.

Абай өсиетімен сахнада Эдуард, Анастасия және Дмитрий.

1-жүргізуші: Абай мұраты- ұрпағының өнерлі, білімді болуы еді. Абай арманы- ұрпағының терең, парасатты, кемел ойлы болуы еді.Олай болса, Абай өсиетіне адалдық- ұрпақ парызы.

Өнер-білім тақырыбындағы өлеңдерімен сахнада 19-10 оқу тобының студенттері.

2-жүргізуші: Қазақ поэзиясындағы табиғат тақырыбын әлемдік деңгейге көтерген Абай қаламының қуатын бүгінгі ұрпақ бар пейілдерімен сезінеді.Студенттеріміздің сүйіп жаттар жырлары 19-10 тобының орындауында Абайдың табиғат лирикасы.

1-жүргізуші: Абай төңірегі тұнған тарих. Сол тарихқа үңіліп, Абай елінің аналары мен аруларын сахнамызға шығаруға талпындық. Жас шағында Абай- тәрбиені жұмсақ мінезді, мейірімді анасы Ұлжан мен әжесі Зереден алады. Ол жас кезінен өлең-жыр, әңгімеге әуес болып, әжесі мен анасы айтқан ертегі-аңыздарды құмартып тыңдап өседі.

2-жүргізуші: Впервые в казахской литературе на такой моральной высоте высказано новое отношение к семье, к родительскому долгу, к воспитанию молодого поколения и, главное, к женщине. В своей поэзии Абай раскрывает самую душу женщины и девушки, её сокровенные мысли и чувства.

1-жүргізуші: Зере әже. Абай ауылының ардақты анасы. Бала Абайдың көкірегіне қазақ ауыз әдебиетінің бары мен нәрін сіңірген асыл әже. Абайдың ел берекесін көксеген аптал азамат болып қалыптасуына ықпал еткен тұлға. «Абай жолы»романындағы Бөжей асы алдындағы Зере әженің Абайды қолдау сөзі. Сахнада Зере әже бейнесімен 19-11 топ студенті- Айзада; бозбала Абай бейнесінде – Әлібек.

(көрініс)

2-жүргізуші: Абай елінің аналары қатарында ақынның өз анасы-даналық пен парасат иесі Ұлжан әжеміз бар.

Абай әр оңды ісінде анасынан қолдау көрген. Соның бір елеулісі Шыңғыстауда қонақ болған Біржан сал Қожағұлұлына көрсетілген құрмет.Сіздердің назарларыңызға Абайдың, оның өнерпаз достарының қонағы болған Біржан салдың Көкшетауға қайтар алдындағы қоштасар сәті.

Ұлжан бейнесінде – 18-3 тобының студенті- Ұлжан

Біржан сал бейнесінде- 18-5 тобының студенті-Самғат.

(көрініс)

1-жүргізуші:    Абай мен Тоғжан махаббаты бүгінге жеткен қасиетті аңыз. Сол махаббаттан қалған із Абайдың «Жарқ етпес қара көңілім әні…» минусовкасын табу керек.

Сол кіршіксіз махаббаттан қалған із Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы бозбала Абай мен он алты жасар бойжеткен Сүйіндікқызы Тоғжанның махаббат хикаясы.

Сахнада Ару Тоғжан бейнесінде- 18-3 тобының студенті Әлима, бозбала

Абай бейнесінде-  19-11 тобының студенті Әлібек.(көрініс)

Жүргізуші: Абай әндері қазақ сахарасына Абай ауылының майталман әншілерінің орындауында тарады. Солардың бірі Абайдың жары-Әйгерім.

Сахнада Әйгерім бейнесімен 17-6 тобының студенті- Милана

Абай бейнесінде 19-3 тобының студенті Эдуард

(Сахнада Абай образындағы бала молдасын құрып отыр. Қолында домбыра, алдында парақ. Қасында Әйгерім.)

Эдуард: (үзінді оқиды)

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй!

Ән дайын, сазы да келісті. Әуенін кім келістіреді? Әрине, Әйгерім! Әйгерім, бұл ән елге сенің дауысыңмен тарасын. Өнеріңді салып бақ. (ән орындалады. Абай Әйгерімнің жанында домбырасын шертіп отырады.)

2-жүргізуші: Абай шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала — оның поэмалары- «Ескендір»,  «Масғұт» және «Әзім әңгімесі» Абай өзінің поэмаларында да, өлеңдеріндегі секілді әлеуметтік – адамгершілік идеяларын көтерді, «Ескендір» біздің студенттеріміздің сүйікті шығармасы. Жыл сайын осы оқу орны қабырғасында биыл 29 рет осы дастаннан «Жыршылар сайысы» өткізіліп келеді. Сіздердің алдарыңызға «Ескендір» поэмасын толық жаттаған жеті жыршыны шақырамыз. Сайыстың әділ-қазылары: Яковлева Н.Н, Омарова К.Н, Уябаева Г.Ж

Құрбанкүл Турдиева, Гүлдана Ұзақбаева-  19-11 тобының студенттері; Алина Абильдаева, Аружан Ерлан- 18-3 тобының студенттері; Айжан Серік 18-7 тобының студенті; Ақбота Нүртәліпова 18-1 тобының студенті; Заманбек Сенбаев 18-5 тобының студенті;

(Сайыс өткізіледі)

1-жүргізуші:   ….Жүрегімнің түбіне терең бойла

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

2-жүргізуші: Литературно-музыкальный вечер «Адамзаттың Абайы» хотим завершить словами Елбасы Нурсултана Назарбаева «Так будем же достойны незабвенной памяти Абая!»

Барлық қатысушылар ортаға шығады.

Все участники литературно-музыкального вечера выходят на сцену.