2019 жылы 7 қарашада біздің колледжде «Мен дизайнермін» профессионалды шоу болып өтті. Бұл шоуда ІІІ бағам студенттері өз біліктілігі мен дағдыларын, жинаған тәжірибелерін көрсете алды.

Студенттер эскиздеу және сол эскиз бойынша бұйымды түйреу әдісімен орындау, әйелдер баскалы жакетын шаблон әдісімен модельдеу жәнеде киімді декорлау жұмыстарын ұсынды.

Қатысушылар жұмыстарын орындау кезінде колледж қонақтарына «Киім дизайны» компетенциясы бойынша сұрақтар қойылып, сұраққа техникалық ғылымының профессоры Умралиева Б.И. жауап беріп қоймай өз тәжірибесімен бөлісе отырып, көптеген мәліметтер берді.

Іс-шара аяғында колледж студенттері жобалап даярлаған, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болған бір неше коллекцияларының көрсетілімімен аяқталды.