Алматы Сән және Дизайн колледжінде 16 -27 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тілдер апталығы басталды. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша колледжіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысады.

Тіл – жаңа әлемге жол, ол достықтың дәнекері. Қазақстанда 22 қыркүйек Қазақстан халқының Тілдер күні екендігі кездейсоқ емес, өйткені бұл республиканың барлық тұрғындары үшін ортақ мереке. Көпұлтты тілдер фестивалінің негізін идея құрайды: әр тіл – бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке қосатын баға жетпес үлес.