Алматы қаласындағы сән және дизайн колледжінде терроризм, экстремизм және оған қарсы күрес тақырыбында семинар өтті. «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қоры мен ұйымдастырылған семинарға Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы қолдаушылық еткенін айта кетейік. Дін, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша зерттеу орталығының жетекшісі Кәкімжан Бишманов жүргізді.