7 қыркүйекте колледжде Халықаралық Отбасы күніне арналған “Салауатты отбасы” атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны колледж директоры Н. Н. Яковлева ашты. Дәстүрлі түрде бұл мереке Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі. Оқытушылар, шеберлер, студенттер, ата-аналар ұсынылған барлық тапсырмаларға белсенді қатысты. Барлық қатысушылар жақсы көңіл-күйде болды.
Спорттық мерекеге 3 команда қатысты модельер-пішуші, Шаштараз-модельер, аспаз. Команда құрамында: 2-ана, 3 ө/о шебері, 2 дене шынықтыру оқытушысы, 4-Қыздар, 3 ұл балалар болды. Байқау 4 кезеңнен тұрды. 1 орынды аспаз командасы алды. Іс-шара көңілді және қызықты өтті.
Қазақстан халқы қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күнін тойлайды.
2013 жылы елімізде мерекелердің қатарына жаңа мереке – Отбасы күні қосылды. Қазақстан халқы оны алғаш рет 2013 жылдың 8 қыркүйегінде атап өтті. Мерекенің мақсаты қоғамның назарын отбасындағы көптеген проблемаға аудару болып табылады. «ХХI ғасырдың ортасында ең дамыған мемлекеттерде отбасылардың басым бөлігі тыныштық пен молшылықта өмір сүретін болады. Бала тәрбиелеп, оларға сапалы білім береді, аға ұрпаққа қамқорлық көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстанады», – деп атап өтті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.