2019 жылдың 2 сәуірінде Алматы қаласының неке сарайында « Беу, қыздар -ай!» сұлулық байқауы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын, қазақстандық жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, студенттеріміздің кәсіби, мәдени шығармашылық бастамаларын қолдап, насихаттау мақсатында өткізіледі.
Ұйымдастырушылар – Алматы қаласы Білім Басқармасының Алматы сән және дизайн колледжі, ТОО «Алтын Дән Қазақстан» (Altyn Dan Kazakhstan)- Орталық Неке Қию сарайының басқарушы компаниясы.
Іc-шара өткізілетін мекен жай – Алматы қаласының Орталық Неке Қию сарайы.
Қазылар алқасына Алматы қаласы Білім Басқармасының, Кәсіпкерлер палатасының, жұмыс берушілер ұйымдарының, Қазақстан халықтары ассамблеясының өкілдері кіреді.
Іc-шара бағдарламасында:
- жалынды флешмоб. Колледж студенттері Неке Қию сарайының аланында орындайды.
- байқауға қатысушы – әрқайсысы 7 адамнан құралған 4 команда.
«Жалынды жастар», «Шоқ қыздар», «Jas sheber», «Тұмар».
Байқау барысы 4 турдан тұрады. Олар 7 балдық жүйемен бағаланады. Бағалану нәтижесі экраннан көрсетіледі.Байқау жеңімпаздарын көрермендер және құрметті қазылар алқасы анықтайды .
1-тур – «Таныстыру» – 3 мин. Эмблемасын, ұстамын, киім үлгісін көрсету.
2-тур – «Той шебері» – Қатысушылар 20 мин. өздерінің неке қию тойды ұйымдастырудағы өнерін, шеберлігін көрсету.
1-тапсырмасы- «Айшықтар». Берілген жемістерден сәндеп тағам әзірлеу.
2-тапсырмасы – «Шашбау». Модель шашына үйлену тойының шаш үлгісін жасау.
3-тапсырмасы – «Ханшайым». Қыздар қолдан мата және фурнитурадан манекенде үйлену той көйлегінің үлгісін жасау.
4-тапсырмасы – «Ақмоншақ». Ұсынылған гүлдерден, ленталардан, бұтақтардан және түрлі декор элементерінен барлығына бірдей берілген вазаларды әсемдеу.
3-тур – «Биатлон». «Той шебері» сайысы жүру сатысында, әр топтың капитан басқаруындағы 3 қатысушысының 2 сұраққа жауап беруі.
4-тур – «30 секундтта 30 сөз». Мамандығы жайлы дайындалған бейнетаспасын көрсету.
«Өміргүл», «Рух шұғласы», «Қала стилі» коллекциялары жоспарланған.
Бұл коллекциялар халықаралық «Аспара Fashion vik» және Республикалық «Сән мұнарасы» байқауларында жүлделі орындар иеленіп , «The Backstage Collections» италиян журналында сипаттама алған.
Байқау турлары арасындағы уақыт жіктерінде оқу орнының «Театр әуені» ән үйірмесі көркемөнерпаздары өнер көрсетеді.
Іc-шара бағдарламасы жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталады.