Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30-жыл толуына орай, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің бастамасы мен «Дәстүр мен ғұрып» жобасы бойынша Алматы сән және дизайн колледжінің оқытушылары Нұргүл Сатыбалдиевна, Гулим Даулетовна, кітапхана меңгерушісі Сауле Ильясовна, 21-4, 21-10 тобының студенттерімен біріге отырып «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты қалалық іс- шара өткізді!
Іс-шара мақсаты:
Рухани жаңғырған Алматы сән және дизайн колледжі – сән және индустриясы мен аспаздық әлеміне апарар жол ел үшін, сапалы білікті мамандарды даярлау және тәрбиелеу ісінде дәстүрлерді сақтап, әртүрлі кезеңдерден өткенін еске түсіре отырып өскелең ұрпаққа жеткізу.
Іс шараға
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкерлері,
«Тәуелсіздікке тағзым» атты республикалық жыр мүшәйрасында 81 ақынның ішінде дара шыққан Әбубәкір Қайран, Алматы технология және флористика колледжінің студенттері.