Алматы cән және дизайн колледжінде 4 қараша 2020 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында онлайн жиын өтті.
Жиынға республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушев, колледж оқытушылары және студенттері қатысты.
Алматы cән және дизайн колледжі директорының м.а. Жанболат Сманұлы Джунисалиев жиынды кіріспе сөзбен ашты.
Колледждегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға және «Саналы ұрпақ» клубының жұмысы туралы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Күнімай Нұрлыбайқызы Омарова ақпарат берді.
Жиын барысында «Саналы ұрпақ» клубына 1 курс студенттері салтанатты түрде қабылданды.
«Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Айнагуль Ахметовна Каскенова алдағы міндеттерді студенттерге түсіндірді.
Өз сөзінде Қ.А.Токушев «Саналы ұрпақ» клубының жаңа мүшелерін құттықтап, клуб жұмысының жоспарына енетін шараларға тоқталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жаңа механизмдерді толық пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ауқымды және мақсатты шаралар жуйелі турде жүргізу қажеттілігіне баса назар аударды.
Онлайн жиынды ұйымдастырушылар: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Күнімай Нұрлыбайқызы Омарова, Искакова Нагима Болатовна, Қайрат Толғанай Қайратқызы