Әлеуметтік серіктестік дегеніміз – білім беру мекемелерінің еңбек нарығы институттары мен субъектілерімен, мемлекеттік жергілікті билік ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен студенттердің кәсіби қызығушылығын арттыра түсу үшін жасалатын қарым-қатынастың ерекше түрі.
Басты әлеуметтік серіктестер жұмыс берушілер яғни, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орнының негізгі клиенттері болып табылады.
Мақсаты:
Колледждің әлеуметтік серіктестермен әр түрлі ведомосттар, қоғамдық ұйымдар мен қызметтер, кәсіпорындар арқылы байланыс жасай отырып, аймақтық еңбек нарығының қажеттілігін өтеуде нәтижелі көрсеткішті ұйымдастыру болып табылады.
Тапсырмалар:
- мамандарды жұмыс берушінің талаптарына сәйкес дайындап шығару;
- колледж бен өндірістік кәсіпорындар арасында байланыс орнату;
- колледж түлектерін жұмыспен қамтуға өзіндік үлесін қосу;
- кәсіби практиканың сапарын арттыру;
- колледж түлектерінің жұмыспен қамтылыуын барынша ұлғайту.
Жұмыстың мазмұны және түрлері:
- Мамандықтар бойынша таныстыру және өндірістік практикаларды жұмыс орнындағы қауіпсіздік шарттарына сәйкес ұйымдастыру және өткізу.
- Арнайы пәндерді оқытуда саяхат сабақтарын өткізу.
- Жалпы дәрістерді өткізу үшін тәжірибелі мамандарды қатыстыру.
- Кәсіпорындарда «Өндірістегі сабақты» өткізу.
- Тәжірибелі мамандарды қорытынды мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы, практика жетекшілері, курстық жұмыстарға пікір беруші етіп тағайындау.
- Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерімен студенттер арасында іскерлік кездесулер ұйымдастыру.
- Бірлесіп мәдени іс-шараларды ұйымдастыру.
- Колледжге кәсіпорындардағы бос қызметтік орындар туралы ақпаратты жеткізу.
- Колледж түлектерін жұмыспен қамтуға атсалысу.
Практиканың негізі
Кәсіптік практика колледжде алған теориялық білімді бекіту, практикалық дағдылар мен біліктіліктердің негізін қалауға және тәжірибені дамытуға бағытталған. Білім алушылардың кәсіби практикасы жұмыстың оқу жоспарымен сәйкес жасалады және келесі түрлеру болады:
- таныстырылымдық практика;
- теориялық білім берудің оқу практикасы;
- оқу-өндірістік практикасы;
- өндірістік (немесе кәсіби) практика;
- диплом алды практикасы.
Кәсіби практиканы өту уақытын өндірістік оқытудың уақытына, студенттердің арнайы пәндердің қойған талаптары мен шарттары көрсетілген оқу бағдарламасын аяқтауына сәйкес оқу орны белгілейді.
Оқу, оқу-таныстырылымдық практика 1 және 2 бағамда ұйымдастырылады. Оқу практикасы өндірістік оқыту түрінде, оқу үрдісінің жалғасы түрінде (практикалық дәрістер, кәсіпорындардағы таныстыру жұмыстары, кәсіпорындарға саяхат жасау, көрмелерге бару, табиғи ресурсы бай жерлерге саяхатту) жүзеге асырылады. Егер оқу практикасы студенттер оқып жүрген пәндердің жалғасы ретінде өтетін болса, оны оқытушылар оқытады. Оқу пәндерінің жалғасы болатын практикалық дәрістердің тақырыптары әдістемелік бірлестікте қарастырылып, директор бекітеді.
Өндірістік практика бағдарлама бойынша өтілуі тиіс барлық арнайы пәндер, теориялық тақырыптар оқытылып болғаннан кейін ғана жүргізіледі. Дипломдық жұмысқа дайындық және оны жазу үшін кәсіби оқыту бағдарламасы диплом алды практиканы ұйымдастырады.